Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Әлімбаев Үндістан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Опубликовано:

2019 жылғы 3 қазанда «Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан Президенті Рам Натх Ковиндке Сенім грамоталарын табыстады. Қазақстан дипломатымен бірге Үндістан Басшысына өз грамоталарын Дания, Еуропалық Одақ, Мексика және Франция елшілері тапсырды.

2019 жылғы 3 қазанда «Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше

Іс-шарадан кейін өткен кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

2019 жылғы 3 қазанда «Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше

Елші Е.Әлімбаев Үндістан Президентін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған ел экономикасын жаңғырту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша Қазақстанда жүзеге асырылатын шаралар туралы хабардар етті.

2019 жылғы 3 қазанда «Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше

Сонымен қатар, әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әрекеттесу туралы пікр алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820229-erlan-limbaev-ndistan-prezidentine-senim-gramotalaryn-tabystady/

pixel