Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ питбульдің қазақстандық дипломаттың қызына жасаған шабуылы жайлы айтты

Опубликовано:

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттың жанұясында болған жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Depositphotos

Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкерінің жанұясында болғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2 қазан күні дипломаттың төрт жасар қызы анасымен бірге үйден шығып, тұрақта тұрған көлікке қарай бет алады. Сол уақытта тұмылдырықсыз және шынжыры жоқ ит жетіп келіп, кішкентай балаға шабуыл жасайды.

Агрессивті иттен бүлдіршінді жақын маңдағы азамат құтқарып қалған. Дереу ауруханаға жеткізілген қызға бірден ота жасалды. Қазір ақ халаттылар оның жағдайын тұрақты деп отыр.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жәбірленушінің ата-анасы ит иелеріне қарсы сотқа арыз бермек. Оларға тиісті көмекті Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы көрсетеді.

Полицейлер аталған оқиғаны тергеуге кірісіп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820230-sim-pidbuldi-kazakstandyk-diplomatty-kyzyna-zasagan-sabuyly-zajly-ajtty/

pixel