Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік көпірден ұшып кеткен: Шамалғанда жол апатынан екі адам көз жұмды (видео)

Опубликовано:

Алматы облысы Шамалған бекеті маңындағы көпірден көлік ұшып кетіп, екі адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Видеодан кадр: Instagram/ krispi_almaty
Видеодан кадр: Instagram/ krispi_almaty: Facebook

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі krispi_almaty парақшасында пайда болды. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Жол-көлік оқиғасы таңертең 9:30-да Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апаты салдарынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы сотқа дейінгі тергеу басталды",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820239-klik-kpirden-syp-ketken-samalganda-zol-apatynan-eki-adam-kz-zmdy-video/

pixel