RU
Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері сөгіс алды

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері сөгіс алды

Рассказать Вконтакте

Бокстан Ғалымбек Кенжебаев бастаған Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қауымына сөгіс жарияланды деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: Prosports.kz

Фото: Prosports.kz

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер кеңесі Екатеринбургте өткен әлем чемпионатын сараптай келе осындай шешімге келді.

Бапкерлердің сөгіс алуына әлем чемпионатының жартылай финалындағы Василий Левит пен эквадорлық боксшы арасындағы жекпе-жек қорытындысы себеп болған.

Атап айтқанда, Василий Левиттің жанындағы бапкерлер кездесу қорытындысына наразылық танытып, жекпе-жек аяқталғаннан кейінгі 60 секунд ішінде төрешілерге шағым түсіруі қажет болған.

Ереже бойынша сары қағаз кездесу аяқталғаннан кейінгі бір минут ішінде қабылданады. Алайда, қазақстандық бапкерлер бұл құқықты пайдалану уақытынан кешігіп қалған.

"Біз боксшылардың жеке бапкерлері мен федерация басшылығын түгел шақырып, мұндай жағдайда федерация мен бапкерлердің не істеу керектігін түсіндірдік. Бұл болашақта қателікті қайталамау үшін қажет. Әрі қарай жоспар дайындаймыз. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дейін небәрі төрт ай уақыт қалды. Боксшылар мен бапкерлердің және федерацияның жауапкершілігі үлкен", – деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін спорт министрлігін сынға алғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel