Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағанаға байлаған: Таразда үш жасар қызды зорлауға қатысты іс сотқа жетті

Опубликовано:

Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны үш жасар қызды зорлады деп айыпталуда. Екі томнан тұратын іс материалдары сотқа жетіп, өндіріске қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Хабарланғандай, іс материалдары сот өндірісіне 2 қазан күні келіп түскен. Шу ауданы Абай ауылының тумасы кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып зорлағаны үшін айыпталуда (ҚР ҚК 120- бабы 2- бөлімі).

Айта кетейік, бұл жантүршігерлік жағдай туралы осы жылдың маусым айында болған. Алаңда ойнап жүрген кішкентай қызды күдікті көршісі үйге алып кеткен. Адамдар үш жасар қыздың жан дауысын естіген соң ғана көмекке жүгірген. Арам пиғылды азамат жасырынып қалғысы келгенімен, ойы жүзеге аспапты. Тұрғындар оны полиция келгенше бағанаға байлап тастаған екен.

Кейінірек күдіктінің Тараздағы тергеу изоляторына жіберілгені мәлім болды. Тергеу жұмысын Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысы мен прокурор бақылауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820254-baganaga-bajlagan-tarazda-s-zasar-kyzdy-zorlauga-katysty-is-sotka-zetti/

pixel