RU
"Астана" өз алаңында сербиялық "Партизан" клубынан жеңіліп қалды
Жаңалықтар Спорт

"Астана" өз алаңында сербиялық "Партизан" клубынан жеңіліп қалды

Рассказать Вконтакте

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" сербиялық "Партизан" клубын өз алаңында қабылдады. Тартысты өткен ойында елордалық ұжым қарсыластарына есе жіберді хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Топтық кезеңнің екінші туры аясындағы матч Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтті.

Ойындағы есепті бірінші таймда "Партизан" шабуылшысы Садик Умар ашты.

Матчтың 73 минутында аталған ойыншы екінші рет "Астана" қақпашысы Ненад Эричтен айласын асырды.

Елордалық клуб сапынан Рунар Сигурйонссон 85 минутта есепті қысқарта алды.

"Астана" футболшылары қанша талпынғанымен екінші голды соға алмады.

Нәтижесінде, елордалық ұжым өз алаңында "Партизан" клубынан жеңіліс тапты.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel