RU
Қазақстан Президенті үш аптада үш алып елдің басшыларымен кездесті (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан президенті үш аптада үш алып елдің басшыларымен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш аптада әлемдегі үш алып елдің басшыларымен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президентінің жұмыс сапары кезіндегі суреттерін баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 3 аптада әлемдегі 3 алып елдің басшысымен кездесті", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Келіссөздер барысында президент Қытай төрағасын Қазақстанға ресми сапармен шақырды.

Араға екі аптадай уақыт салып Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізді.

Ал бүгін 3 қарашада Сочиде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесуі өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel