RU
"Сот шешім қабылдайды": Абаев Алматы дәрігерлерінің ісіне байланысты пікір білдірді

"Сот шешім қабылдайды": Абаев Алматы дәрігерлерінің ісіне байланысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы, Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты іске пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы. Қанат Тезекбаев. Фото: zoj.kz

Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы. Қанат Тезекбаев. Фото: zoj.kz

"Мен үзілді-кесілді пікір айтудан аулақпын. Себебі, болған оқиғаның мән-жайынан хабарсызбын. Мұнымен құзырлы органдар және сот айналысуда және солар нақты шешім қабылдайды", - деді министр "Ашық диалог" бағдарламасында.

Абаев екі нәрсені айтқысы келетінін жеткізді.

"Біріншісі – өте қайғылы оқиға орын алды. Кез келген өлім марқұмның жақындары мен туыстарына орны толмайтын қайғы әкеледі. Әсіресе, жас, отбасының тірегі болатын адамның қазасы ауыр. Мұнда отбасына көңіл айтудан басқа амалымыз жоқ", - деді ол.

Министр жағдайдың тым шиеленісіп кеткенін айтты.

"Кімнің кінәлі екенін бірден айту қиын. Бір айтарым, интернетте болып жатқан дау-дамай бүкіл процеске кедергі келтіреді. Себебі, іс бойынша шешім қабылдайтын адамдар қоғамның қыспағында отыр.
Тағы бір өкінішті жайт – адамдардың дәрігерлерді немесе полицейлерді жаппай қаралауы. Клавиатурамен айыптау оңай. Бірақ, бұл пікірді 9 сағаттық қиын отадан шыққан хирургке айта алмайсыз. Үйге қонбай, қауіпті қылмыскерді ұстаған полицейге айта алмайсыз.
Мұның барлығы біздің қауіпсіздігіміз үшін. Дәрігерлер мен полицейлер күн сайын жүздеген өмірді құтқарады. Оларға құрметпен қараған жөн. Атышулы іс бойынша сот қана шешім қабылдайды", - деді Абаев.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиологы Асқар Тұңғышбаев Алматы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған еді.

Бұл туралы Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазғаннан кейін белгілі болды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берді.

Осыдан кейін бас дәрігер мен сол аурухананың анестезиологы ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel