RU
Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жазған хаты табылды (фото)

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жазған хаты табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе ғалымдары Орынбор мемлекеттік мұрағатынан ерекше әрі беймәлім тарихи құжат - Әбілқайыр ханның ресейлік Елизавета патшайымға жазған хатын тауып алды. Мәтінде жаңа қала салу туралы өтініш жазылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр/ КТК

Видеодан кадр/ КТК

Облыстық мұрағат жұмысшылары бұл өтініш белгілі ханның өмірі мен ел басқаруы жайлы көп фактілер мен дәйектер келтіруге мүмкіндік беретінін айтуда.

Себебі, 300 жылдық тарихи құжат 200 беттен тұрады. Қазіргі уақытта ғалымдар оны ескі славян тілінен аудару мәселесімен айналысып жатыр.

Әзірге қолжазба жайлы мәліметтер өте аз. Бір анығы, басшы бұл хатта қала соғуға рұқсат сұрайды. Сонымен қатар, қолжазбада Әбілқайырдың сол уақытта Хиуада тұтқында жатқан ұлы Ералының аты да көрсетіледі. Ақпараттың көп бөлігі толық аудармадан кейін белгілі болады.

Ғалымдардың қолында ханның бұл өтініші қабылданғаны туралы ақпарат бар. Енді тек қай шаһардың сөз болғанын анықтау қажеттілігі туындап отыр.

Ақтөбе облыстық мұрағаты қызметкерлерінің бірі Нұрлан Есетов қазірге екі қаланың атын атады. Хатты жазу уақыты 1741-42 жылдарға сәйкес келгеніне қарағанда сөз Орск немесе Бердск қаласы жайлы болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel