RU
Диетолог: Тез дайындалатын кеспелерді жеу қант диабетіне әкеп соқтырады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Диетолог: Тез дайындалатын кеспелерді жеу қант диабетіне әкеп соқтырады

Рассказать Вконтакте

Тез дайындалатын кеспелердің құрамындағы заттардың адам денсаулығына келітер зияны көп деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: irecommend.ru

Фото: irecommend.ru

Тез дайындалатын кеспелерді жиі жеу - диабет ауруына шалдықтыруы мүмкін. Осылай деп ресейлік диетолог маман Маргарита Королёва дабыл қақты.

Маман тез дайындалған өнімдерде қоректік заттар мен минералды-витаминдік кешендер аз екенін атап өтті. Сонымен қатар, ақуыз компоненттері толығымен жойылады. Бұл мұндай өнімдерде гликемиялық индекс пен қандағы қантты жоғарылататын қарапайым көмірсулар ғана қалады дегенді білдіреді.

Диетологтың пікірінше, тез дайындалатын кеспені жиі қолдану денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Өйткені, өнімнің құрамында адам ағзасына зиянды заттар өте көп.

"Мұндай өнімді жиі қолдану - реакциялардың тұтас каскады іске қосылып, инсулинге төзімділік пен тұрақты түрдегі 2 типті қант диабеті пайда болуына әкеледі", - деп түсінжірді маман.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel