RU
Америкалық жігіт қазақстандық дипломаттың қызын қалай құтқарғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Америкалық жігіт қазақстандық дипломаттың қызын қалай құтқарғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк қаласының тұрғыны Бобби Махони питбуль тұқымды иттің қазақстандық дипломаттың төрт жасар қызына жасаған шабуылан куә болған. Ер адам итті таяқпен бірнеше рет ұрған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Кішкентай қыз анасымен бірге балабақшаға бару үшін көлікке қарай жүрген. Осы сәтте балаға питбуль тап берген. Оқиғаны отбасының көршісі байқап қалып, баланы иттен арашалап алған.

Ер адам қызды жібермей тұрған итті бейсбол таяқшасымен жиырма шақты рет ұрған.

"Мен итті 15-20 реттей ұрдым. Ит қызға секіріп, жабысып қалған. Ол да, анасы да айқайлап жатты. Содан кейін барып ит қызды босатты.
Оның орнында менің де кішкентай қызым болуы мүмкін еді. Ол да бала-бақшаға барады. Егер ешкім көмектеспесе, мұның ақыры немен аяқталарын білмеймін", - деді америкалық.

Қызды әртүрлі жарақатпен дереу ауруханаға жеткізген. Оған ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкерінің жанұясында болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2 қазан күні дипломаттың төрт жасар қызы анасымен бірге үйден шығып, тұрақта тұрған көлікке қарай бет алады. Сол уақытта тұмылдырықсыз және шынжыры жоқ ит жетіп келіп, кішкентай балаға шабуыл жасайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel