Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір түн менімен болшы деді": Жігіті зорламақ болған 16 жастағы қыз мұңын шақты

Опубликовано:

Бір жарым жыл жүрген жігіті зорламақ болған ару жан сырын ақтарды. 16 жастағы бойжеткен сенген сүйіктісінің әрекетінен соң далаға шығудан қалған. Бұл жайында өзегін өкініш кернеген қыз Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Ол маған "егер мен жақсы көрсең, бір түн менімен болшы" деп жалынып қоймады. Мен ол сөздерін естіп, қатты таң қалдым. Оның ойы мүлде арам екен. Содан кейін оған "сөйлеспей-ақ қояйық, сенен көңілім қалды" деп, бәріне нүкте қойдым. Ол 1-2 күн жоқ болып кетті де, бір күні дүкенге бара жатқанда мені зорламақшы болды. Құдай сақтап, көшедегі адамдар байқап қалды", -дейді бойжеткен.

Осы оқиғадан кейін жігіттің анасы қыздан келіп, кешірім сұраған екен. Ал бойжеткен ешқайда арыз тастамапты.

"Анасын аяп, кешірім бердім. Бірақ, осыдан соң мен жігітіммен қорқатын болдым, көрсем төбе шашым тік тұрады. Осы жайттардан кейін мен ешқашан ешкімді жақсы көре алмайтындай көрінемін", -деді қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820321-bir-tn-menimen-bolsy-dedi-zigiti-zorlamak-bolgan-16-zastagy-kyz-myn-sakty/

pixel