Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балаларды ұрлау туралы жалған ақпарат таратқан азаматша қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Қалалық жедел полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматыда балаларды жаппай ұрлау туралы хабарлама таратқан авторды анықтап, қолға түсірді деп хабарлайды оңтүстік астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Ведомство мәліметінше, жалған хабарламаның авторын тәртіп сақшылары бір күн ішінде ұстаған. 

"Хабарламаның авторы - 1991 жылғы Р., есімді азаматша. Ол шын мәнісінде хабарлама авторы екенін мойындады. Р., бұл ақпаратты құрбысы айтқан екен. Қазіргі таңда оның іс-әрекеті қылмыстық кодекстің 4 бабының 274 тармағы бойынша зерттеліп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Қолға түскен азаматша өз ісі үшін өкінетіні айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.

"Мен жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргенім үшін барша алматылықтардан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам ақпарат әлеуметтік желіге тарап, бүкіл қаланы дүрліктіреді деп күтпедім. Кешіріңіздер", - деді видео авторы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820344-almatyda-balalardy-rlau-turaly-zalgan-akparat-taratkan-azamatsa-kolga-tsti-video/

pixel