RU

Украинада ұшақ апатты жағдайда қонды: Қаза тапқандар бар (фот)

Украинада Львов әуежайы маңында Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонды. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдын-ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні сағат 07:10-да "Львов" халықаралық әуежайынан 13,7 шақырым қашықтықта Ан-12 ұшағы радардан жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті.

"07:29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы мәлім еткен. 07:46-да Ан-12 ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылды", - делінген хабарламада.

Ұшақ өртенбеген.

Экипажы зақымдалған ұшақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1820387-ukrainada-sak-apatty-zagdajda-kondy-kaza-tapkandar-bar-fot.html