Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирас пен Құралай алаяқтарға алданып қалды

Опубликовано:

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай, опера әншісі Майра Мұхамедқызы өздерінен миллиондап қарызға ақша алған әйелді таппай жүр. Енді олар құзырлы органдарға жүгініп жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Бір әйел өнер иелерінен басқа тағы жиырмаға жуық адамды сан соқтырған. Алаяқ өзін кәсіпкермін деп тансытырады екен.

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай және Майра Мұхамедқызы өздерін алдаған әйелден әлі күнге дейін ақшаларын ала алмай жүр.

Әншілердің сөзіше, 50 жастағы Қарлығаш адамның іші-бауырына кіріп, әдемі сөздермен уәдені үйіп төгетін көрінеді. Тіпті бір емес, бірнеше рет дастархандас та болған екен. Ол Мирас пен Құралайдан осыдан бір жарым жыл бұрын қарыз ақша алып, әлі күнге дейін қайтармапты. Амалдары қалмаған жұлдызды дуэт инстаграм парақшасына видео жүктеген.

"Өскеменнен келіп, бізбен танысып, бізден екі миллион теңгені қарызға алып, сонымен жоқ боп кетті. Біз де сенгішпіз ғрй, бере салдық", - деді Мирас.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820392-miras-pen-kralaj-alaaktarga-aldanyp-kaldy/

pixel