RU

БҚО-да жас мұғалім орманда асылып қалған

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында мектеп мұғалімі асылып қалды. Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте орын алды деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полиция ормандағы мәйіт 17 қыркүйек күні таңертең табылғанын айтты.

Бұл Жаңа өмір ауылына 100 метр қашықтықта болған.

Асылып қалған 21 жастағы қызды көршісі қоқысты лақтырған уақытта тауып алған.

Марқұмның мектеп мұғалімі болып жұмыс істегені анықталды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол 16 қыркүйек күні таңертең жұмысқа өз келігімен кетіп, кешке оралмаған.

Мұғалімнің телефон қоңырауларына да жауап бермегені белгілі болды.

"Өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1820395-bko-da-zas-mgalim-ormanda-asylyp-kalgan.html