RU
Айқын мен Жұлдыз ұлдарына желіде жеке парақшаны не үшін ашты?

Айқын мен Жұлдыз ұлдарына желіде жеке парақшаны не үшін ашты?

Рассказать Вконтакте

Эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген мен жары Жұлдыз Өмірғали ұлдарына Instagram желісінен парақша ашты деп хабарлайды НТК арнасындағы "Revue" бағдарламасы.

Танымалдылықтан түсетін табыстың аз еместігін жақсы білетін Айқын ізбасарынан қазірден бастап медиатұлға жасамақ.

Әнші екінші ұлының әр басқан қадамын видеоға түсіріп, оны Санжардың атына ашылған жеке парақшасына жүктеп отырады. Айқынның жұбайы Жұлдыздың айтуынша, Айқын атұстарының Димаш секілді әлемге мәшһүр болғанын қалайды екен.

"Ең бірінші мақсат - Айқын баламыздың өзі сияқты әтіс болғанын қалайды. Сондықтан ол қазірден бастап көпшілікке үйрене берсін, көз алдында жүрсін, ертең үлкен сахнаға шығарамын, мен одан Димаш Құдайберген жасаймын деп жүр ғой", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel