Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық ардагерлерді халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Халықаралық қарттар күніне орай қарияларды төл мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Халықаралық қарттар күніне орай қызылордалық ардагерлерге зор құрмет көрсетілді
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

2 қазан күні Қала әкімі жылдағы дәстүрге сәйкес қала ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайып, аға ұрпақтың ұлағатты өмір жолдары мен ел үшін еткен еңбектерін ұлықтады.

Салтанатты жиын барысында қазыналы қарияларымызға мерекелік концерт ұйымдасытырлып, арнайы қала әкімінің бағалы сыйлықтары табысталды.

Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды.

Халықаралық қарттар күніне орай қызылордалық ардагерлерге зор құрмет көрсетілді
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Қала әкімі Н.Нәлібаев атаулы мереке қарсаңында, ел үшін еткен еселі еңбектерінің арқасында аймағымыздың айтулы тұлғаларына айналған Көпірбаев Өмірзақ Момынбайұлы, Құрманғазиев Нысанбай Дүзімбеттегі, Көзденова Рая Әбдешқызы және Дүйсенбаев Серік Әбішұлының омырауына төсбелге тағып, Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Халықаралық қарттар күніне орай қызылордалық ардагерлерге зор құрмет көрсетілді
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook
"Бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтып, Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Сіздерге деген құрметіміз тек мереке күндері ғана емес, бұл біз үшін мәңгілік парыз деп білеміз", - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
Халықаралық қарттар күніне орай қызылордалық ардагерлерге зор құрмет көрсетілді
Фото: Акимат г.Кызылорды: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820413-kyzylordalyk-ardagerlerdi-halykaralyk-karttar-knimen-kttyktady/

pixel