RU
"Адамдарға таңғалдым": Нигериялық экономист Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

"Адамдарға таңғалдым": Нигериялық экономист Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алматыда бір жылға жуық тұрып келе жатқан Абимбола Ласаки елдің ерекшелігі мен өмір сүру салтына таң қалудан жалықпайды деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Абимбола Ласаки Ұлыбританияда МВА дәрежесін алған, артынша Ernst&Young-те аудитор, ірі телекоммуникациялық MTN Nigeria және Etisalat Nigeria компанияларында қаржыгер болып істеген.

Ласаки 2016 жылдан бастап Нигериядағы “Филип Моррис” компаниясының қаржы бөлімінде істейді. Short Term Assignment (STA) қысқа мерзімді тәжірибе бағдарламасының арқасында Аби Қазақстанға келген.

"Мен Қазақстанға алғаш рет 2018 жылдың қарашасында командамен танысу үшін келдім, үш аптадан соң Рождествоға орай үйіме қайттым. Осы жылдың басында Қазақстанға нақты көшіп келдім, менің отбасым үйде қалды. Тұрмыстамын, 12 және 14 жастағы екі қызым бар", - деді ол.

Абимбола қазақстандықтар, әріптестері туралы айтқанда есіне бірден жақсы нәрселер түседі екен.

"Қазақтардың отбасына, достарына, әріптестеріне деген махаббаты шынайы. Мұндағы адамдар бірге бас қосып, туған кү, мерекелерді тойлағанды жақсы көреді. Барлық қазақтар өте жылы шырайлы, әрдайым көмекке дайын. Мен мұны тек жұмыс барысында ғана емес, күнделікті өмірде де байқадым. Менің әріптестерім тіл мәселесімен көп көмектесті. Олар үнемі бәрін аударып беруге, кез келген ньюанстарды түсіндіріп беруге дайын болды", - дейді Аби.

Абимбола Нигерия мен Қазақстанның ауа-райы мен мәдениетін салыстырды. Сөзінше, екі елдің мәдениеті ұқсас.

"Шыны керек, Қазақстан мен Нигерия мәдениет жағынан өте ұқсас, біз де әртүрлі мерекелерді жақсы көреміз, үлкен той салтанатын жасаймыз. Бір күні мені әріптесім қонаққа шақырып, ұлттық тамақ бесбармақты жасады. Ол өте дәмді болды", - деді нигериялық.
Фото: time.kz

Фото: time.kz

Оның айтуынша, шетелге ұзақ уақытқа кеткен адам үшін ең бастысы - тіл мен тамақ мәселесі туындайды. Алайда Абимбола ас жағынан еш қиналмапты. Тіпті, ол Қазақстанда бірінші рет жылқының етінен дәм татып, қазыны жеп көріпті.

Сондай-ақ ол алғаш келгенде ауа райына үйренісе алмаған. Дегенмен әріптестерінің көмегімен оған да бейімделіп алыпты. Қазір ол жылдың төрт мезгілін де жақсы көретінін, әр мезгілге сай дайындалатынын айтты.

Сонымен бірге ол әрі қарай Қазақстанда қалу туралы ұсыныс түссе ойланып көретінін жеткізді.

"Егер Қазақстанда жұмысты жалғастыру туралы ұсыныс алсам, бұл жөнінде ойланып көруге дайынмын. Егер менің отбасым мен балаларым оңай бейімделе алса, неге қалмасқа?! Қазақстанда өзіңді дамытуға барлық мүмкіндік бар.
Жалпы, мен елдеріңізге, әсіресе, осында тұратын адамдарға өте таң қалдым!", - деді Абимбола Ласаки.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel