Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолдауға шақырды

Опубликовано:

Әнші Қайрат Нұртас барша халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолдап, ата-анамыз, жақындарымыздың денсаулығына бейқам қарамауға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Қайрат Нұртас халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолдауға шақырды
Фото: Instagram, Кайрат Нуртас: Facebook
«Бәрімізді де мейірімге бөлеп, талантымызды шыңдаған, мақсатқа жету жолын үйреткен ата-анамыз бар. Бүгінде ер жеттік, жақындарымызға қамқорлық жасау – енді біздің мойнымызда. Олардың денсаулығы – біз үшін бақыт. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасты құрайды. Әркім ата-анасының немере-шөберелердің ортасында ұзақ жүргенін қалайды, олардың бойына өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дәстүрін молырақ сіңірсе деп армандайды.

2020 жылдан бастап енгізілетін медициналық сақтандыру әлеуметтік қағидаттарға негізделген. Демек, ата-анамыз бен балаларымызға толыққанды медициналық қызмет көрсетіледі деген сөз. Көптеген қолжетімсіз, бағасы қымбат болып келетін қызметтер мен анализдер тегін болмақшы. Біз төлеген жарна – балаларымыз бен ата-анамызға жасаған қамқорлығымыз. Олардың дені сау болса, біздің де бақытты болатынымыз даусыз», - деп жазды Қайрат.

Айта кетелік, 1 қаңтардан бастап Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшеді. Аталған жүйе арқылы еліміздегі барлық азаматтарға кең көлемдегі медициналық қызмет көрсетіледі. Ал зейнеткерлер, балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер және т.б. жеңілдік берілген азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820442-kajrat-nrtas-halykty-mindetti-medicinalyk-saktandyru-zjesin-koldauga-sakyrdy/

pixel