RU
"Жоғары салмаққа өтуім мүмкін": GGG алдағы жекпе-жектен кейінгі жоспарымен бөлісті

"Жоғары салмаққа өтуім мүмкін": GGG алдағы жекпе-жектен кейінгі жоспарымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) укариналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін жекпе-жегінен кейінгі жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Егер бұл жекпе-жекті жеңсем, менің екі чемпиондық белбеуім болады. Одан кейін маған міндетті үміткерді ұсынуы мүмкін немесе чемпиондық титулдарды біріктіретін жекпе-жек өткіземін. Өз басым екіншісін таңдар едім, болмаса жоғары салмақ дәрежесіне – 168 фунтқа көтерілуім мүмкін. Не боларын ешкім біле алмайды", – деді Геннадий Jalen & Jacoby Show-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкиннің Сергей Деревянченкомен жекпе-жегі 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді.

Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel