RU

Ұстазын мерекесімен ерекше құттықтаған Білім вице-министрі көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари алғашқы ұстазын мұғалімдер күнімен айрықша құттықтап, көпті таңғалдырды. Желіге ерекше видеоролик жүктеген ол оқырмандарды аталмыш әрекетімен сүйсінтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Ұстазын құттықтаған видеоны ол өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

Ол онда: "Мерекеңмен, менің ардақты ұстазым" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Видеода сондай-ақ онымен бірге өзге де мемлекеттік қызметкерлердің өз ұстаздарына деген құттықтауын да көруге болады.

Желі қолданушылары министрлік өкілдерінің айрықша құттықтауына риза болған. Олар:

"Жарайсыздар", "Өте әдемі шыққан құттықтау", "Ниеттіріңізге нұр жаусын" деген жылы тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1820484-stazyn-merekesimen-erekse-kttyktagan-bilim-vice-ministri-kpsilikti-ykylasyna-blendi-video.html