Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: 2030 жылға дейін Алматы халқының саны 5 миллионға жетуі мүмін

Опубликовано:

Алматы халқының саны 2030 жылға қарай 5 миллион адамға жуықтап қалуы мүмкін. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

Бақытжан Сағынтаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған Алматы қаржы форумында сөз сөйледі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы 36 млрд доллар экономикасымен Орталық Азиядағы ең дамыған қала болып табылады.

"Біз өмір сүру сапасы мен экономикалық мүмкіндіктері бойынша топ-100 мегаполисқа кіріп, жаһандық қала болу үшін алдымызға ұзақ мерзімді тапсырма қойып отырмыз", – деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда қала маңындағы аудандарды қосқанда, Алматы халқының саны 3 миллионға жуықтағанын, ал 2030 жылға қарай 5 миллионға жетуі мүмін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820491-sagyntaev-2030-zylga-dejin-almaty-halkyny-sany-5-millionga-zetui-mmin/

pixel