Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жын шығармақ болған" ер адам баласын өлтіріп алды

Опубликовано:

АҚШ-тың Аризона штатында полицейлер туған баласын өлтірді деп айыпталған 31 жастағы Пабло Мартинезді тұтқындады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Тергеушілерің айтуынша, айыпталушы баласының аузына ыстық су құйғанын мойындаған. Ол баласының ішіне жын кіргенін, соны шығару үшін осындай әрекетке барғанын айтады.

Ер адам баласын ваннада, су құбыры шүмегінің астында ұстап тұрғанын, ал "ыстық су оның ішінен жынды шығара бастағанын" мәлімдеді. Ол баласын сол күйінде он минуттай ұстап тұрған.

Паблоның әйелі бұл ессіздікті тоқтату үшін полиция шақырған. Алайда, тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткенде баланың ес-түссіз жатқанын көрген.

Баланың денесінің 15 пайызын күйік шалған. Ол Баннер университетінің медицина орталығына жеткізілген, алайда, дәрігерлер оның көз жұмғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820496-zyn-sygarmak-bolgan-er-adam-balasyn-ltirip-aldy/

pixel