RU
Сағынтаевтың 100 күні: Алматыда не өзгерді?

Сағынтаевтың 100 күні: Алматыда не өзгерді?

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала басшысы қызметіне 28 маусым күні кірісті. Содан бері 100 күн өтті. Аталған уақыт аралығында мегаполисте қандай өзгерістер болды және қаланың жаңа әкімі қандай бұйрықтар берді? KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Cағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалған соң қала тұрғындары алдындағы жауапкершілікті сезінетінін айтып, видеоүндеу жолдады.

"Алматы-әрқайсысымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала - менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым- Алматыны әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған бірге, тек тізе қосып еңбек ету арқылы жете аламыз", -деді ол.

Жаңа міндеттерді атқаруға кіріскен Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астананың барлық аудандарын аралап шықты. Ең алдымен, ол Түркісіб ауданына барып, бірнеше мәселелерді анықтады.

Кейіннен қала басшысы жезөкшелік фактісін анықтау бойынша рейд өткізуді тапсырды. Нәтижесінде 50- ден аса жеңіл жүрісті қыз ұсталды.

Фото: Алматы ПД

Фото: Алматы ПД

Кейіннен Алматы әкімі ЖЭО-2 жұмысын қайта реформалау нұсқаларын қарауды ұсынды.

Қала басшысы ЖЭО-2 жұмысын қалай жаңғырту керектігі туралы пікірлердің көп екенін айтты. Бұл газға көшу, жаңа сүзгілерді орнату және тағы басқалары. Пікірлердегі айырмашылық мәселенің күрделі екенін және мұқият бағалау мен пысықтауды талап ететінін дәлелдейді.

Одан кейін Бақытжан Сағынтаев қала полициясының басшылық құрамымен және алматылық қоғамдық кеңеспен жиын өткізіп, ұрлықпен, бұзақылықпен, тонаушылықпен және есірткі өткізумен күресті күшейту қажеттігін тапсырды.

"Бұл жерде патрульдік полицияның жұмысын қайта қарап, видеобақылау жүйесін кеңейту керек. Полиция жұмысының басты мақсаты тұрғындардың сенімінен шығу болу керек ",-деді қала басшысы.

Сағынтаевпен өткен тағы бір кездесуде ол Алматының тек әдемі жерлерін емес, проблемалы орындарын көрсетуді талап етті.

Бұдан кейін Алматы әкімі қаланың көлік және жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Одан бөлек, Сағынтаев Іле-Алатау паркінің үстінен ұшып өтіп, Алматының селден қаншалықты қорғанғанын анықтады.

"Алматы аумағында 36 мұздақ көл орналасқан, олардың әрқайсысының сел қаупі бар. Сел ағынының салдары алматылықтарға жақсы мәлім, сондықтан біз осы тәуекелді барынша азайту үшін бар күш - жігерімізді жұмсауымыз керек", - деп жазды әкім.

Шілде айында оңтүстік астана тұрғындары Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы шатқалға Көк Жайлау қоқыстарын тазарту үшін шықты. Бұл іске қала басшысы да атсалысты.

Алайда, алдын ала қауіпсіздік пен дайындыққа қарамастан, тамыз айының ортасында Наурызбай ауданында сел шығарындысы орын алды. Әкім оқиға орнына барып, жағдайды өзі бақылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel