RU
Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Парламентінің Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қазақстандық педагогтарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз ведомство сайтында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Назарбаева. Фото: ҚР Парламентінің Сенаты

Дариға Назарбаева. Фото: ҚР Парламентінің Сенаты

"Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағды мен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр.

Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін!

Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!",- деді Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel