Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласының әкімі үздік ұстаздарға сыйақы табыс етті

Опубликовано:

Қызылорда қаласында үздік ұстаздарға қала әкімінің сыйақысы тарту етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Кеше Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұстаз– ұлы тұлға" атты салтанатты шараға қатысып, ұлағатты мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шарада білім саласының дамуына айтулы үлес қосқан бірқатар ұстаздар қауымы марапат төрінен көрінді. 31 мұғалім ҚР Білім және ғылым министірінің Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталса, үздік 10 мұғалімге қала әкімінің 150 000 теңге сыйақысы табысталды.

Қала әкімі биылғы тамыз кеңесінде 3 мұғалімге пәтер кілттерін және 10 мұғалімге 150 мың теңге сыйақы табыстаған болатын.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook
"Ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау - біздің парызымыз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға бар ғұмырын арнаған ұлағатты ұстаздарға жемісті қызмет пен шығармашылық табыс тілеймін!", - деді қала әкімі Н.Нәлібаев өз құттықтау сөзінде.

Жалпы, Қызылорда қаласында білім саласына деген қолдау ерекше. Атап айтқанда, жыл сайын қала бюджетінің 40 пайызы білім саласына бағытталып келеді.

Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық - техникалық базалары жаңартылуда және мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде.

Бүгінгі күні қала бойынша 54 мектепте 6 мың 200-ге жуық педогог қызмет етсе, оның ішінде 924 ұстаз жоғары санатты, 1 мың 53 ұстаз бірінші санатты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін 97 пайыз педагогтың жалақысы 30 пайызға артса, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 6 мың 337 педагогтың және 2 мың 123 техникалық қызметкердің айлық жалақысы 30 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820552-kyzylorda-kalasyny-kimi-zdik-stazdarga-syjaky-tabys-etti/

pixel