Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 18 бала мінген автобус аударылды: Жағдайды президент бақылауда ұстап отыр

Опубликовано:

Ақтөбеде 5-сынып оқушылары мінген автобус аударылып қалды. Көлікте тоғыз ата-ана мен 10, 11 жастағы 18 бала болған. Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Тәжікстан азаматы мінген "Ниссан" көлігімен түйісіп қалды. Салдарынан автобус аударылды. Жедел жәрдем қызметі 16 баланы ауруханаға жеткізіп, екеуі жатқызылды. Ал жедел жәрдем ауруханасына үш ересек жеткізілді. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция мен төтенше жағдай қызметі жұмыс істеді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Фото: Ақтөбе облыстық Полиция департаменті
Фото: Ақтөбе облыстық Полиция департаменті: Facebook

Оқиға бүгін сағат 11 шамасында Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының 13-шақырымында тіркелген. Автобуста болған балалардың барлығы №9 мектеп гимназиясының 5-сынып оқушылары. Қалалық білім бөлімі мұғалімдер оқушылардың ата-аналарымен табиғат аясына шығатынын білмеген деп отыр. Олар автобусты интернет арқылы жалдапты.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиғаны ести сала облыс әкімі де балалар ауруханасына жетті.

"Бұл туралы толық анықтау жұмыстары жұмыстары жүргізілетін болады. Жағдайды мемлекет басшысы да бақылауда ұстап отыр. Балалардың денсаулығы толық жақсарғанша дәрігерлердің қарауында болсын деп ескертемін. Бұл жағдай мектеп пен ата-аналар арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді",-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиға орнына жедел жәрдем бекетінің 7 бригадасы барып, балаларды ауруханаға жеткізген.

"Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Қазір жағдай тұрақты. Екінші бала травматологиялық бөлімге жатыр. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Қолынан жарақат алған. Тағы екі баланы ауруханаға салу қарастырылып жатыр. Балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ",-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қазір облыстағы балалар ауруханасында өңірдің барлық басшылары жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820557-aktbede-18-bala-mingen-avtobus-audaryldy-zagdajdy-prezident-bakylauda-stap-otyr/

pixel