RU

"Бірге жатқым келмейді": Өз күйеуінен қашып жүрген келіншек жұрттан кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

Күйеуіне амалдың жоғынан тұрмысқа шыққан 30 жастағы әйел жан сырын ақтарды. Көңілін еш білдіре алмай қойған ол алдағы уақытта үйреніп кетермін деп жүр. Бұл туралы келіншектің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ok.ru

Көрнекі фото: ok.ru

Өзін жұбатып жүрген келіншек еңбегінің еш кетіп жатқанын айтады. Ол бәрібір жарыма бүйрегім бұрмайды дейді.

"Не айтса да, не істесе де ұнамайды. Тіпті, төсекте бірге жатқым келмейді, мүлде маңайыма жолатқым келмейді. Осындай жағдайлар басынан өткендер бар ма?", -дейді ол.

Қандай әрекетке барарын білмей жүрген әйел елден кеңес сұрады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бірге жатқым келмейді": Өз күйеуінен қашып жүрген келіншек жұрттан кеңес сұрады
Mailfire view pixel