Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шенеунік алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Түркістан облысында аудандық шенеунік алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомство хабарламасында Қазығұрт аудандық жер кадастры және азаматтарды тіркеу бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Болжам бойынша, ол жергілікті тұрғындардың бірінің ақшасын иелену үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған.

"Ол жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспортты беру үшін бұрын ескертілген 200 000 теңгенің 140 000 теңгесін алаяқтық жолмен алған деп күдіктеледі", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820564-trkistan-oblysynda-seneunik-alaaktyk-zasady-dep-kdiktelude/

pixel