Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: 40 жастан асқан әйел мен еркек төсекте не істеу керек?

Опубликовано:

40 жасқа келгенде ешкім қартайып қалмайды. Өмірдің қызығын көруге кез келген жаста мүмкіндік бар. Ендеше, "нағыз өмір 40 жастан басталады" дегенді негізге алып, жыныстық қатынас төңірегінде мынадай кеңестерге құлақ асқан артық болмас деп жазады ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: Facebook

Әйелдерге үш кеңес:

Төсекке еріңізден бұрын жатпаңыз

Әрине, бас ауырып, балтыр сыздаса қарсылық жоқ. Ал ләззатты түндерге қалауыңыз болғанда бес-10 минут күттірсеңіз, артық болмайды. Мұндайда еркектердің өтірік ұйықтаған кейіп танытатын "қулығы" бар. Қасына жантайғанда барып көрпе астынан қол соза бастауы мүмкін.

Бірден беріле салуға асықпаңыз. Белгі беріңіз

Әрине, мойнына асыла кетпейсіз. Аздап иіссу себініп, күндегілен ерекшелеу ішкиім кисеңіз жеткілікті. Сексуалды көрінетін, тым айшықты болмаса да, жұқа әрі шілтері бар ішкөйлек кисеңіз артықтық етпейді. Ең дұрысы, түнгі көйлекті шкафқа салуды ұмытып кеткендей басқа бір-екі киіммен бірге төсек үстінде қалдырсаңыз да жеткілікті.

"Қытығым келді" десеңіз, сезімін қытықтай түсесіз

"Қырықтағы қандай қытық?" дейсіз бе? Ал мұндай қылық еркектің сезімін қытықтайды. Болмаса да, ұқсап бағыңыз. Қол жүгірткен еріңізге аздап болса да қарсылық таныта тулап, жаймен сықылықтай күліңіз құлағына. Түн ішінде қарқылдап күле жөнелмейтініңіз белгілі. "Керегіңді алшы" дегендей былқ-сылқ күйде жата берген де ешбір еркекке ұнамаса керек.

Еркектерге үш кеңес:

Жуынып жатыңыз

Әйелдердің бұл жаста жиіркенгіш болмас, .көп жағдайға мұрын тыжырайтқыш келетіні бар. Сондықтан жарыңызға жақындағыңыз келсе, бойыңыздан артық-кем иіс шықпағаны дұрыс. Темекі шегетін еркектердің тіс пен тыныс тазалығы да маңызды. Басқа тұстарды айтпаса да белгілі.

"Етекке жармасудың" жөні жоқ

Шалт қимылдап атып тұру – әйелдерге бұл онша ұнай қоймаса керек-ті. Сондай-ақ "міндетің" дегендей бірден "етекке жармасу" да жақсы нәтиже бере қоймайды. Арыныңызды басып, ақырындап жақындаған жақсы. Әйел қай жаста да аймалап бастағанды ұнатады. Тым болмаса, сипалау әдісін қолдансаңыз болады.

Әйелдің қалауына мән беру керек

Бұрындары байқатпаса, ендігі белгі беріп қалуы керек. Кез келген поза да әйелге "жаға" бермейтінін тағы да есте ұстаған жақсы. Сонымен қатар, бұған дейінгілері ауысып, жаңа қалауы оянуы да мүмкін. Сондықтан тым елтіп кетпей, құшағыңыздағы жарыңызды сезінуді ескерген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820570-18-40-zastan-askan-jel-men-erkek-tsekte-ne-isteu-kerek/

pixel