RU
Райымқұлова Головкинді жеңісімен құттықтады

Райымқұлова Головкинді жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кəсіпқой боксшы Геннадий Головкинді орта салмақта IBF жəне IBO белбеулерін жеңіп алуымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің құттықтау сөздері Facebook желісінде жарияланды.

"Құрметті Геннадий! Осы жекпе-жекті асыға күткен барша жанкүйерлердің және жеке өзімнің атымнан кəсіпқой шаршы алаң төріндегі жеңісіңізбен құттықтаймын.

Украиналық Сергей Деревянченкомен өткен кездесуде жеңіске деген құлшынысқа толы мұқалмас қажыр-қайратыңыз, кәсіби шеберлігін сақтаған спортшы екеніңізді көрсеттіңіз.

Бүгінгі талассыз жеңісіңізбен Қазақ елі əлемдік бокс алпауыттары лидерлерінің бірі екенін тағы да дəлелдей түстіңіз. Сіздің жарқын жеңістеріңіз жас спортшыларға үлгі. Бұл еліміздегі бокстың дамуына, жастарды ұлы жеңістерге ынталандыруға үлкен алғышарт.

Туған елдің туын жеңісімен желбіреткен азамат ретінде ризашылығымды жеткізе отырып, алдағы уақытта да елімізді қуанта беретініңізге шын ниетпен сенім білдіремін", - деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кестек, бүгін Нью-Йорк қаласында қазақстандық боксшы украиналық қарсыласы Деревянченконы жеңді.

Тартысты өткен кездесу он екі раундқа созылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel