RU
Головкиннің Деревянченконы нокдаунға жіберген сәтінің видеосы пайда болды

Головкиннің Деревянченконы нокдаунға жіберген сәтінің видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Генадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтті. Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Жекпе-жектің бірінші раунды кезінде Деревянченко нокдаун алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жекпе жектің бірінші раундын белсенді бастаған Головкин қарсыласына бірнеше соққысын дөп тигізіп, нокдаунға жіберді.

Осыдан кейін украиналық боксшы бірден есін жинап алып, кездесудің соңына дейін жоғары дейгейде жұдырықтасты.

Желіде бокс жанкүйерлері Деревянченко Головкинге лайықты қарсылас болғанын жазғандар көп болды.

Олар украиналық спортшының жылдамдығынан ерекше тоқталып өтті.

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы теке-тірес 12 раундқа жалғасты.

Нәтижесінде, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, Головкин жеңімпаз атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel