RU
"Қазақстан сені мақтан тұтады": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

"Қазақстан сені мақтан тұтады": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!" - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, бүгін, 6 қазанда Головкин мен Деревянченкомен Нью-Йорк қаласында жұдырықтасты.

Қос спортшы арасындағы жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.

Қазақстандық боксшы сұхбат беру кезінде Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді.

Кейінірек Британдық The Guardian басылымы төрешілер шешімінің нәтижесін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel