RU
Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады деп хабарлайды Қазақстанның тұңғыш президентінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.

"Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр.
Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін", - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, осыған дейін Головкинді жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel