RU

"Көргенсіз емеспін": Қайрат Нұртас желідегі шулы видеоға байланысты жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас желіде тараған шулы видеоға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетсек, өнер иесі әріптесі Ғазизхан Шекербековтың ән кешінде тыңдарманы ұсынған костюмнен бас тартқан болатын.

Қайрат Нұртастың бұл әрекетін желі оқырмандары дұрыс түсінбей, оны қарапайым болуға шақырды.

Осыған байланысты Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

"Біреудің көкірегінен итеретіндей көргенсіз емеспін. Әр нәрсенің ақ қарасын білмей жатып, қаралаудан аулақ болыңыз. Бұл дүниеда жауапсыз қалғанымен, арғы дүниеде жауабы қатты болады", - деді Қайрат Нұртас.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көргенсіз емеспін": Қайрат Нұртас желідегі шулы видеоға байланысты жауап берді
Mailfire view pixel