RU
Головкин Деревянченкомен болатын жекпе-жектің алдында сырқаттанып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Головкин Деревянченкомен болатын жекпе-жектің алдында сырқаттанып қалған

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегі алдында ауырып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы FightHub журналисті Маркос Виллегас желідегі парақшасында жазды.

"Эдди Хирн GGG-дің жекпе-жекке ауырып шыққанын хабарлады. Ол өзін жайсыз сезінген. Боксшының командасы мұны құпия ұстаған", - деді ол.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы кездесу 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel