Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал "Қалаулымдық" жұп үйлену тойларын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Әлібек Боранбай шаңырақ көтерді. Ол қуанышын елдің есіне қалатындай дүркіретіп өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі жастың тойлары Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде, 5 қазан күні өтті.

Әлібек "Қалаулым" бағдарламасында танысқан Камила есімді аруды қолына кондырды.

Танымал жұп үйлену тойдың алдында салтанатты түрде некелерін қиды.

Әлібек пен Камиланың қуанышында қазақ эстрадасының әншілері бой көрсетті.

Олардың арасында Рысбек Аташ, Нұртас Қайратұлы, Нұрсұлтан Нұрбердиев бар.

Әлібек ата-анасына деген ризашылығын білдіруді ұмытқан жоқ.

"Алғысымызды ең бірінші ата-аналарымызға айтамыз. Осындай үлкен отбасыға айналғанымызға Аллаға шүкір", - деді ол желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820626-tanymal-kalaulymdyk-zp-jlenu-tojlaryn-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel