RU
Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар Спорт

Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 6 қазанда елордада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтті. Ақтық мәреде "Атырау" клубымен қызылордалық "Қайсар" кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана-Арена" стадионына жиналған жанкүйерлер тартысты ойынға куә болды.

Қос клуб матчтың алғашқы таймында есеп алған жоқ.

Ойынның екінші жартысында "Атырау" клубының футболшысы өз командасын алға шығарды.

Одан кейін көп ұзамай "Қайсардың" капитаны Асхат Тағыберген алаңнан қуылды.

Он футболшымен ойнағанына қарамастан 88-минутта қызылордалық клуб сапынан Игорь Зенькович таразы басын теңестіріп кетті.

Негізі уақытта тең нәтиже тіркеліп, қосымша 15 минуттан екі тайм қосылды.

Бұл кезеңде "Қайсар" футболшысы Думан Нәрзілдаев 122-минутта жеңіс голын соқты.

Нәтижесінде, Қазақстан кубогының финалында қызылордалық ұжым "Атырау" клубынан 2:1 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel