RU
"Жеңгенімді сеземін": Деревянченко жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

"Жеңгенімді сеземін": Деревянченко жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Көптен күткен Головкин - Деревянченко жекпе-жегі қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Десе де украиналық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен келіспей, өз мәлімдемесін жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы жазба Сергей Деревянченконың Instagram парақшасында пайда болды. Украиналық боксшының пікірінше, ол өз қарсыласы Геннадий Головкинді жеңген, ал жекпе-жекті нәтижесі оғаш көрінген.

"Жеңгенімді сеземін. Бүкіл әлем оны көрді. Өкінішті, бірақ кеше қызық дүние болды. Мені қолдағандардың барлығына рақмет!", - деп мәлімдеді жеңілген спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен GGG жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин күннің ең сәтті болмағанын атап өтті. Былғары қолғап шеберінің бапкері Джонатон Бэнкстің айтуынша, қазақстандық спортшы жиі шегінуге жол берген.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
1
4
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel