Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарамай қойды": Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдының жүрегін қалай жаулаған?

Опубликовано:

Отандық актриса, тәуелсіз "Тарлан", "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мен "Құрмет" орденінің иегері Назгүл Қарабалина бүгінде Азамат Сатыбалдымен бірге бір ұл тәрбиелеп отыр. Өнерлі жанұяның махаббат хикаясы сонау студент шақтан басталған. Ал Өнер академиясында бір курста білім алған жастардың жүрегі қалай табысты? Бұл туралы "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Театр актрисасы Темірбек Жүргенев атындағы Өнер академиясына алғаш аяқ басқан сәтте Азамат Сатыбалдыны ұнатқан. Алайда, курстастар о бастан тіл табыса алмапты.

"Тұңғышбай ағай іріктеу жасап жатыр. Артқы қатарларда отырғанмын. Бұрылып қарасам, бес жігіт тұр. Барлығы ақ киімде, ұзын бойлы. Мен жалт қарағанда бірден Азаматқа көзім түсті. Ал оқып бастаған кезде біз қас болып кеттік. Ол маған "Тіліңді тарт" дейді. Мен "тартпаймын" деймін", - деп есіне алды актриса.

Мінезі үшін Азаматтан бір-екі рет "таяқ жеген" актриса актердің басқа қызбен көңіл қосқанын естігенде ғана өз сезімін байқайды.

"Сөйтіп жүргенде ол бір қызбен жүре бастады. Сол кезде мен сезімім бар екенін білдім, қызғаныш болды. Оны жақсы көретінімді түсіндім. Ол маған қарамай қойды. Сол қызға үйленемін деп жүріп, әңгімесі жараспай қалды. Сол уақытты пайдаланып қалдым", - деді Назгүл.

Ал ойындағы жігіттің жүрегін жаулау үшін актриса ерекше әрекетке барған.

"Менде қойын дәптер болатын. Соған "Азамат, егер сен маған қарасаң, менің жақсы көретінімді түсінсең, қабылдасаң, мен сенің әке-шешеңе қарайтын едім, барлық жағдайын жасайтын едім, бауырларыңды сыйлайтын едім" деп жазғанмын. Соны ол оқыды. Ал "әке-шеше" деген нәрсе қай еркектің жүрегіне тимейді? Ал бұрынғы қызымен сол бағытта әңгіме болған, сол үшін олар айырылысқан",- дейді өнер иесі.

Дәл осы хаттан кейін Өнер академиясындағы жастардың тағдыры бір арнаға тоғысқан екен.

"Мен президенттік шыршада екі жыл ақшақар болдым. Астанаға кеттім. Азаматқа топ басшысы екенін сылтау етіп, хабарластым. Сол кезде ол "Сен қашан қайтасың, тезірек келсеңші, сені сағындым" деді. Содан кейін ойымның бәрі тезірек Алматыға қайту болды",- деп баяндады Қарабалина.

Қазіргі күні театр актрисасы жұбайының жанұясына деген сезімі ерекше екенін, әлі күнге дейін туыстар мен жақындарға "сәлем салып", ақ батасын алатынын айтты. Назгүл жас келіндерге осы бақтан айырылмай, салт-дәстүрге оң көзқарас таныту қажет екенін де түсіндіріп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820686-karamaj-kojdy-nazgl-karabalina-azamat-satybaldyny-zregin-kalaj-zaulagan/

pixel