Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқаша болуы мүмкін емес": Димаш Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жерлесі Генадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы танымал өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Кезекті тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын, бауырым! Басқаша болуы мүмкін емес еді", - деді Димаш Құдайберген.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы кездесу 6 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820708-baskasa-boluy-mmkin-emes-dimas-golovkindi-kezekti-zeisimen-kttyktady/

pixel