RU
2 миллион қазақстандық кедейлік шегінде тұр

2 миллион қазақстандық кедейлік шегінде тұр

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елде 2 миллионнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алғанын айтты. Бұл осы жылдың 9 айындағы мәлімет болып табылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр табысы төмен отбасының әрбір баласына атаулы әлеуметтік көмек нақты 20 789 теңге мөлшерінде белгіленгенін айта кетті.

Нұрымбетовтың дерегінше, осы жылдың 9 айында АӘК 417 мың тобасына немесе 2 млн 138 мың адамға тағайындалды.

Барлық алушылардың жартысынан астамы көпбалалы отбасылар саналады.

Бюджетте АӘК-ке 206 млрд теңге көзделген.

Осыған байланысты Қазақстанда 1,3 миллионнан астам бала АӘК алады, олардың 62% -ы 4 және одан көп баласы бар отбасыларда тұрады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel