RU
Біртанов: Атырау облысында сәбилер өлімінің өсуі байқалды

Біртанов: Атырау облысында сәбилер өлімінің өсуі байқалды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі таңда вице-министр бастаған комиссия Атырау облысында жүргенін, олар өңірге сәби өлімінің себебін анықтау үшін жіберілгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Атырау перинаталды орталығының тоңазытқышында нәресте қайтыс болғаннан кейін Біртанов баланың өлімі әлі дәлелденбегенін, шешімді сот шығаратынын мәлімдеді.

Алайда министрлік вице-министр бастаған комиссияны орталық басшысы ұсталғаны туралы хабар шықпай тұрып облысқа жіберген.

"Қазіргі уақытта Атырауда денсаулық сақтау вице-министрі басқаратын, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы бар комиссия жұмыс істейді. Сондай-ақ біз медициналық университеттердің ғылыми орталықтарының білікті мамандарын да сонда жібереміз.
Біз мәселені жан-жақты көреміз, өйткені тамыз айында Атырау облысында сәбилер өлімінің өсуі байқалды - президент әкімшілігінің тапсырмасымен біз бұл мәселені қарадық", - деді Біртанов.

Ол сәби өлімі мәселесі күнделікті бақыланып отырғанын айтты.

"Маған күн сайын таңертең қанша бала туатынын және сәбилердің өлімі туралы қысқаша мәлімет беріледі. Біз өсімнің дұрыс болмауын, санның ауытқуын көрген кезде бірден осы жағдайларды жедел зерттейміз", - деп мәлімдеді министр.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.

Кейінірек, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасап, оқиғаға қатысты министрліктің ұстанымын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel