RU
"Көгершін суға батты": Сиви Махмуди Жанардың өлімі алдында ерекше түс көрген

"Көгершін суға батты": Сиви Махмуди Жанардың өлімі алдында ерекше түс көрген

Рассказать Вконтакте

Сиви Махмуди өнер жолындағы құрбысы болған Жанар Хамитоваға қатысты тың деректермен бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы "Арнау" дуэтінің бұрынғы әншісі жайлы қаралы хабарды естімес бұрын ерекше түс көргенін айтты деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди құрбысының өлімі жайлы қалай білгенін жеткізді. Әнші қаралы хабарды естімес бұрын түсінде суға батып бара жатқан көгершінді көргенін айтып, жұртты таңғалдырды.

"Сол күні мазам болмай жүрді. Өзім ауырып та жүріп, ұйықтап қалыппын. Түске таяу бір-ақ ояндым. Он екі - бірлерде тұрдым. Мазам болмай, ұйқыдан тұрайын десем, тұра алмай жатырмын. Түс көріп жатыр екенмін. Кішкентай әппақ көгершінді көріп жатыр екенмін. Суға батып бара жатыр. Әп-әдемі өзі, көзі жұмылып, жаны кетіп бара жатқандай болды.
Көзім аша салып, сол бейне әлі де көз алдымда тұрғандай болды. Соны есім жинай алмай соткаға қарасам, хаттар келіп жатыр екен. Көзімді ашып қарасам, Жанар туралы келіп жатыр" , - деді өнер иесі.

Оған қоса, әнші марқұм құрбысымен қашан және қайда соңғы рет кездесенін баяндап берді.

"Бізде Жанармен бәрі әдемі әрі жақсы басталып келе жатты. Тез тіл табысып, өнерге қарқынды кірісіп кеттік. Көңіл-күйі күшті, керемет құлшыныспен, өмірге деген жаңа леппен жаңаша өмір сүріп келе жатқандай болды.

Екеуміз бір-бірімізге апалы-сіңлідей болып кеттік қой. Ғажап қарым-қатынаста болдық. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол менен кеткеннен кейін, біраз күйзелісте жүрді. Бір жарым айдай жұмыс жасамадық. Маған соңғы келгені - менің жол апатына түсер алдында болды.

"Мен оны тұрып жатқан үйінен алып кеттім. Өйткені телефонынан сездім күйзелісте жүргенін" , - деді Сиви Махмуди.

Белгілі болғандай, бұл кездесу барысында қос құрбы бірге жұмыс істеуді қайта қолға алуды жоспарлаған. Жанар Хамитова Махмудиге өнерден басқа шешім таба алмай жатқанын мойындаған.

"Ол өнерге қайта кіріп көрмек болды. Күш жинап алғысы келген. Екеуміз арқа-жарқа болып, жақсы отырдық. Соңғы күндері менің үйімде қонып жүрді. Қайтадан жақсы болды" , - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмудидің ерекше қасиеті жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
10
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel