Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос жанарынан айырылған аруды ұзатқан Байырбекова жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Жазира Байырбекова екі көзі көрмейтін қызды ұзатып, елдің ыстық ықыласына бөленді. Отандық әншінің бұл игі исі көпшілік жүрегін елжіретіп, бірқатар желі қолладушыларды жылатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көзі көрмейтін аруды ұзатқаны туралы Байырбекова өзінің Instagram парақшасында жазған. Өнер иесінің айтуынша, ол бойжеткенді жаңа отбасына табыстап жатқан сәтінде өзі де көз жасына ерік беріп, жылап жіберген.

"Бүгін ұзатылған қыздың екі көзі көрмесе де достарының арасында сыйлы болып, өмірде өз орнын,теңін тауып ұзатылып бара жатқаны көп адамға мотивация. Тек әнімнің аяғында қатты жылағаным үшін осы жерде болғандардан кешірім сұраймын.
Қыз бен жігіттің өмірге деген құштарлығына,батылдығына,ақылдылықтарына қарап риза болғаннан қатты толқып кеттім! Шын жүрегімнен аттасым Жазира мен күйеу жігітке бақыт тілеймін" , - деп жазды әнші.

Өнер иесінің жазбасы желі қолданушыларын тебірентіп жіберді. Оқырмандары жұлдызға жылы лебіздерін жазып, бойжеткенге бақыт тіледі.

"Бақыт тілеймін!", "Әрбір жан бақытты болуға лайық", "Аллам бағыңды ашсын, жылатпасын!", "Жүрегім елжіреп кетті ғой", "Жігіті жақсы екен", "Өте әсерлі, бақытты болсын", - деп жарыса жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820762-kos-zanarynan-ajyrylgan-arudy-zatkan-bajyrbekova-okyrmandaryny-zregin-elziretti/

pixel