Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәрдемақы алу үшін қулыққа барған жанұялар туралы министр жайып салды

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мемлекеттен жәрдемақы алу үшін табыстарын жасырған қазақстандық "кедей" отбасылардың шынайы өмірін көрсетті. Жалған мәліметтің салдарынан жанұялар мемлекетке 155 млн теңге қайтаруы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

"Мемлекеттен ақша алу мақсатында жасалған жалпы заңбұзушылықтар анықталды:

- жеке қосымша шаруашылық пен табысты жасыру,

- жалақы мен сыйақыларды уақытша төмендету бойынша жұмыс берушілермен жасалған келісім, отбасылардың өздерінің қаржылық жағдайын тексермей мұқтаж болып тіркелу үшін аудандық комиссиялармен жасасқан келісімі,

- отбасының кейбір мүшелері басқа өңірлерде тұрған,

- жан басына шаққандағы кірісті азайту үшін бөтен тұлғаларды тіркеу.

Мысалы, Алматы облысында 6 адамнан тұратын отбасы 3 үлкен және 3 кіші баласына 1241,8 мың теңге көлемінде АӘК алған. Бұл отбасының материалдық жағдайы жақсы болған, олар өздерімен бірге тұратын отбасының басқа 10 мүшесін жасырған.

Министр олардың екі қабатты коттеджін айғақ ретінде көрсетті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы бір коттедж Алматы облысының отбасына тиесілі. Олар бір ересек адам мен 4 балаға 606,7 мың теңге көлемінде АӘК алған.

Түркістан облысында 7 адамнан тұратын отбасы да жақсы тұрған, алайда олар 1 млн теңгеден көп АӘК алған, тіпті аулаларынан қымбат автокөлік табылған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шымкент қаласында тұратын отбасы да жағдайы жақсы бола тұра 343,1 мың теңге АӘК алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820771-zrdemaky-alu-sin-kulykka-bargan-zanalar-turaly-ministr-zajyp-saldy/

pixel