RU
Божко: Кім қатты айқайласа, соған баспана беріп жатыр

Божко: Кім қатты айқайласа, соған баспана беріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Парламент мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін баспанасыз қалған жетім балалардың мәселесіне назар аударуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Божко. Фото: strategy2050.kz

Владимир Божко. Фото: strategy2050.kz

Ол 2018 жылы баспаналардың басым бөлігі көпбалалы отбасыларға берілгенін айтып, ендігі кезекте жетім балаларға бөлінетін жалдамалы баспана көлемін арттыру керектігін алға тартты.

"Олар кезекте 61 мың 397 адам бола тұра, көшеге шықпай, ешқандай демарш жасамай сабыр сақтап күтуде. Биыл тек 518 бала баспанамен қамтылды. Кезекте тұрған адам санын ескерсек, бұл көрсеткіш өте аз.
Бұл халықтың әлсіз топтары. Оларға оңай емес. Көбіне бұлардың туыстары да болмайды, жалғыз өздері ғана. Сонда бұларды кезектен айналып өтіп, кім қатты айқайласа, соған беріп жатқан болуларыңыз керек", – деді Владимир Божко.

Оның айтуынша, жалпы алғанда әкімдіктерде 2,8 млн адам баспана кезегінде тұр. Олардың басым бөлігі мемлекеттік және күштік құрылым қызметкерлері.

Оны депутат Тұрғын Сыздықов қолдады.

Ол заңға сәйкес ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балалардың мемлекеттік қордан баспана алуға құқықтары басым екенін тілге тиек етті. Бұндай үйлерді үлестіру кезінде баспаналардың жалпы көлемінен кем дегенде 25% бөлінеді.

"2017 жылдан 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін бұл санаттағы балалардың тек 4,5 пайызына баспана берілді. Осылайша, біріншіден, олардың құқықтары бұзылуда, екіншіден, әкімдіктер заңда қарастырылған нормаларды орындамай отыр.
Ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларды баспанамен қамтуда ең төменгі көрсеткіш – Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында. Неге қамту ауқымы төмен? Бұл немен байланысты? Аталған мәселені шешу үшін қандай шара қолданбақсыздар?", – деп сұрады депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтан.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel