RU
Асхат Садырбай: Арысқа суретке түсу үшін келген жұлдыздар болғанын жасырмаймыз
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Садырбай: Арысқа суретке түсу үшін келген жұлдыздар болғанын жасырмаймыз

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележургізуші, журналист әрі қоғам белсендісі Асхат Садырбай Арысқа отандық әншілердің көбісі қандай мақсатпен барғанын айтып берді деп хабарлайды Ernur.kz ақпараттық порталы.

Ол Арысқа бірқатар өнер жұлдыздары, басқа саланың адамдары көмектесуге барғанын жасырмады.

"Кейбіреуін көріп қалдым, кейбіреуін естіп те жаттым. Дегенмен менде дәл сол кезде инстаграммды бақылап отыратын мүмкіндік болған жоқ. Ондай ниетпен барған адамдардың болғанын жоққа шығара алмайтын шығармыз!? Өйткені тек қана бір күнге келіп, әдемі болып суретке түсіп, артынан көбісі жоқ болып кетті", - деді Асхат Садырбай.

Журналист кейбіреуінің бару мақсатын түсінбегенін жеткізді.

"Мен де сол жағын түсінбей қалдым, бір қол болса да ол жерде маңызды ғой, "асарлатамыз" деп ойладық. Ең болмағанда біздің посттарымызды репосттап, ақпаратымызды ауқымдырақ аудиторияға тарата ма деп те күттік. Бірақ көбі жазған өтініш хаттарымызды жауапсыз қалдырды, олардың ішінде танымал әнші-жұлдыздар да бар", -деді ол.

Қоғам белсендісі жұлдыздардың ішінде көмекке ұмтылғандардың болғанын айтты.

"Мысалы Жазира мен Жанболат келіп заттарды өз қолдарымен таратып, ат салысты, Тұрсынбек Қабатовтың театры ақша аударып, әр уақыт жағдайды сұрап, қолдауын білдіріп отырды. "Кешью" тобы, Айнұр Асқарқызы, Бейбіт Кушкалиев, Айдар Тұрғанбек сынды азаматтар, тағы басқаларын қазір есіме түсіре алмай отырмын, бірақ баршылық. Болмашы ғана көрінгенімен ол кезде осындай қолдаудың өзі адамға жігер береді екен", - деді тележүргізуші.

Сондай-ақ, Асхат Садырбай суретке түсу үшін келген жұлдыздарға деген уәжін де білдіріп өтті.

"Сурет үшін келген жұлдыздар болғанын жасыра алмаймыз. Инстагарм үшін әрекеттену - жай ғана сол аудиторияның өзіне деген махаббатын болмаса, сол аудиторияның лайкын арттыратын шығар. Бірақ оның бәрі тура сол лайктар сияқты уақытша. Сондықтан өзім бәрінен де адамдықты биік қоямын", - деді Асхат Садырбай.

Еске сала кетсек, белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге қол ұшын беру үшін Шымкентке арнайы ұшып барғанын жазған болатынбыз. Сол уақытта ол тез арада белсенділер тобын құрды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel