Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Деревянченкомен жекпе-жегінен соң жарақат алып қалды

Опубликовано:

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуде қолынан жарақат алғанын хабарлады деп жазады Sports.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz: Facebook

Төрешілердің бірауызды шешімімен Головкиннің жеңіске жетті. Жекпе-жектен соң екі боксшы да ауруханаға жеткізілген. Геннадийдің жарақатының қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз.

"Геннадийдің болашағы туралы шешімді бір-ақ адам қабылдайды, ол Генаның өзі. Бір күні оған міндетті қарсылас белгілейді деп ойлаймын.

Оның қолы қатты жараланды. Ақпан айында рингке оралу оның бастапқы жоспары болған деп ойлаймын, алайда бұл ауыр кездесу болды.

Головкин ақпан айына дейін ол дайын болмауы мүмкін", - деді Хирн Fight Hub TV әңгімесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820788-golovkin-derevancenkomen-zekpe-zeginen-so-zarakat-alyp-kaldy/

pixel